Республиканың кей жерлерінде жауын-шашын болуы, тұман түсуі, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республика аумағында атмосфералық ағындардың өтуімен кей жерлерде жауын-шашын болуы, тұман түсуі, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және батысында ғана күн райы ашық болады, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Республиканың кей жерлерінде жауын-шашын болуы, тұман түсуі, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі

Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с. Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, түнде және күндіз Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі.

Таяудағы тәуліктерде Сырдария өзенінің Шардара су қоймасынан төменгі сағасында Шардарадан су ағыны ұлғаюына байланысты су көлемі көтеріледі. Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық бөлігіндегі кейбір су нысандарында мұз қату үдерісі жалғасады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлеріндегі өзендерде гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер болмайды.