Республиканың кейбір жолдарында қозғалыс шектелді - ККМ

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 14 наурызда сағат 13.00-ден бастап Шығыс-Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығы (боран, қатты жел) және жолдың нашар көрінуі салдарынан

Республиканың кейбір жолдарында қозғалыс шектелді - ККМ

«Алматы-Өскемен» автожолының «Қалбатау ауылы - Өскемен қаласы» учаскесінде (1019-1054 км) жолаушы көліктеріне жол жүруге тыйым салынды.

Ал, Қарағанды облысының «Қызылорда-Петропавл» автожолының «Жезқазған қаласы - Сәтбаев ауылы» (6-24 км) учаскесінде және «Қызылорда-Павлодар» автожолының «Жезқазған қаласы - Қызылорда облысының шекарасы» (424-216 км) учаскесінде жол әлі де жабық, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.