Республиканың көп жерлерінде күн күркіреп, күшті жел тұрады, жаңбыр жауады - Қазгидромет

АНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Республиканың басым бөлігі - антициклонның ықпалында болғанымен, шығыс және оңтүстік-шығыс өңір атмосфералық ауа ағымының ықпалында тұр, сондықтан да бұл өңірде жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел тұрады деп күтілуде.

Республиканың көп жерлерінде күн күркіреп, күшті жел тұрады, жаңбыр жауады -  Қазгидромет

Бұл туралы «Қазгидромет» орталығынан хабарлады.

Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел тұрып, оның екпіні 15-22 метр/секунд жылдамдыққа жетуі мүмкін. Күндіз кейбір аудандарда бұршақ жауады деп күтілуде.

Ал Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында, түнде Қостанай облысында, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жел тұрады, оның екпіні 15-20 метр/секундқа дейін жетеді. Қызылорда облысында дауыл тұруы ықтимал.

Маңғыстау және Атырау облыстарында аптап ыстық болады.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Қарағандының оңтүстік-батысында өрт шығу қаупі төтенше жоғары.