Республиканың оңтүстігі мен батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде - Қазгидромет
АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, 18 шілдеде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады.
Кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы, ұйытқыған жел соғуы мүмкін, тек республиканың оңтүстігінде және батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде.
Ақмола облысында бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде. Қарағанды облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.
Республиканың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысындағы өзендердің көпшілігінде су деңгейінің тұрақсыздығы байқалады. Қазақстанның жазық аумағының өзендерінде гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.