Республиканың оңтүстігінде 24 тамызда шаң көтеріліп, дауыл тұрады деп күтілуде
АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауып, жел күшейеді. Солтүстікте түнде тұман түседі деп күтілуде, оңтүстікте шаң көтеріліп, дауыл тұрады. Тек батыста - ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Бұл турады Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, күндіз Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде, Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде, Оңтүстік Қазақстан облысында шаң көтеріліп, дауыл тұрады.