Республиканың пенитенциарлық мекемелерінде АҚТҚ-ны жұқтыру жағдайы ушығып тұр ? А.Белоног

АСТАНА. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимылдар жоспарын тиісті деңгейде жүзеге асырмай отырғаны үшін Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Зауре Аманжоловаға тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдады,

Республиканың пенитенциарлық мекемелерінде АҚТҚ-ны жұқтыру жағдайы ушығып тұр ? А.Белоног
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Республиканың Бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоногтың айтуынша, 2008 жылы елдің пенитенциарлық мекемелерінде АҚТҚ-ны жұқтырудың жаңадан 721 оқиғасы тіркелген. Сотталғандардың 42 пайызында АҚТҚ қоздырғышы - тергеу изоляторларына түсу кезінде, 58 пайызында түзеу мекемелерінде анықталған. «Талдау көрсеткендей, бұл үдеріс Алматы қаласындағы №1-ші тергеу изоляторындағы жағдайдың нашарлауына тікелей байланысты. Мәселен, өткен жылы қамауға алынғандардың 40 пайызына жұқпаның бар-жоғын анықтауға тексеріс жүргізілмеген. Нәтижесінде 174 адам қоздырғышты жұқтырып, олар облыстың басқа аймақтарына ауыстырылу арқылы жұқпаны тарату көзіне айналған. АҚТҚ-ны жұқтырған сотталғандардың жоғары көрсеткіштері, әсіресе, түзеу мекемелері көп шоғырланған аймақтарда тіркеледі. Олардың саны Шығыс Қазақстанда ? 14, Қарағандыда ? 10, және Алматы облысында ? 6. ШҚО-ның түзеу мекемелерінде АҚТҚ-ны 110 адам, Павлодарда 15 адам, Қарағандыда -2 және Астана мен Солтүстік Қазақстан облысында бір-бір адамнан жұқтырған. Сондай-ақ А.Белоногтың атап көрсеткеніндей, Денсаулық сақтау министрлігі үстіміздегі жылы Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары және Алматы қаласына тексерістер жүргізді. Нәтижесінде Алматы қаласында, АҚТҚ жұқпасы анықталған донорларға қатысты эпидемиологиялық тергеу жүргізілмеу, тіпті донорларды жеке басын куәландыратын құжаттарсыз қабылдау фактілері анықталған. Сонымен қатар медициналық мекемелерге жіберу үшін дайындалған қан құрамдастарының сыртына АҚТҚ жұқпасына тексерістің нәтижелері жазылмаған. Оның үстіне әрбір бесінші жүкті әйелге АҚТҚ жұқпасының бар-жоғына тексерістер жүргізілмеген. Соның салдарынан 6 әйелде АҚТҚ уақтылы анықталмаған, ана мен құрсақтағы сәби тиісті алдын-алу антиретровирустық емді қабылдамаған.