Республиканың пенитенциарлық жүйе мекемелерінде қардан жасалған мүсіндер байқауы өтуде

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Темір тордың арғы бетіне түскендердің арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу шеңберінде өткізіліп отырған аталмыш мәдени-көпшілік іс-шараның басты мақсаты - адамдарды өнерді, сұлулықты түсінуге баулу және эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
«Байқауға қатысушылар өз еркімен қатыстырылады және олар қарлы композицияларда өздерінің шығармашылық қиялдарын бейнелей алады», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.
Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖК басқармасының айтуынша, аталмыш байқауға дәстүр бойынша аймақтың барлық түзеу мекемесі белсенді қатысқан.
Ал Солтүстік Қазақстан облысының мекемелері жасаған мүсіндердің жалпы саны 80-ге жуықтаған. Қарлы мүсіндердің басым дені ертегі кейіпкерлеріне, Аяз Ата мен Ақшақарға арналған.
Қоғамдық бақылау комиссиясы мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құралған қазылар алқасы байқаудың нәтижесін желтоқсанның 30-31 күнідері шығарып, жеңімпаздар мен жекелеген қатысушыларға мекемелер әкімшіліктерінің атынан марапаттарды табыс етеді.