Республиканың пенитенциарлық жүйесінде Қарттар күніне арналған шаралар өтуде

АСТАНА.  Қазанның   1-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан  Хасенов/ -  Бүгін  республиканың пенитенциарлық  жүйе  мекемелерінде     Қарттар  күніне  арналған  дәстүрлі    салтанатты шаралар  өткізілуде,
None
None

 деп   хабарлады   Әділет  министрлігі  Қылмыстық-атқару  жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен. 

Қарағанды  облысының  қылмыстық-атқару  жүйесі  ардагерлер  кеңесінің  төрайымы    Людмила Мищенконың айтуынша,     аймақта      бүгінде  зейнетке  шыққан       пенитенциарлық жүйенің бұрынғы 738    қызметкері  тіркелген.   Олардың    қатарында  жастары   70-тен асқан   211   ардагер   бар.    Бүгін    қарияларға    мерекелік  дастархан жайылады.    Аса мұқтаж       ардагерлерге материалдық    көмек көрсетіледі.  «Анау айтқан  көмек емес,  бірақ ең бастысы -  көңіл  бөлу    ғой»,  - деп санайды Л. Мищенко ханым.

Осындай  салтанатты шаралар  Солтүстік Қазақстан   облысында  да  да  ұйымдастырылуда,  деп  хабарлады      облыстық  қылмыстық-атқару  жүйесінің ардагерлер  кеңесі төрағасының  орынбасары  Ақылбай Жүнісов.    Бұл өңірде  252     ардагер       бар.    Егде  жастағы  70-тен  астам ардагерге   материалдық көмек үйлеріне  апарып беріледі.

 Бүгін Қылмыстық  атқару  жүйесі   комитетінің Қостанай  облысы  бойынша   басқармасының  87 ардагері  де  мерекелік дастарханда   бас қосады,  деп   хабарлады    облыстық ардагерлер   кеңесінің  төрағасы Николай Ким.     Салтанатты  шараның соңында   Қарттар  күнінің  құрметіне     сала қызметкерлерінің күшімен ұйымдастырылған  мерекелік концерт  болады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум