Республиканың пенитенциарлық жүйесінде Жеңістің 65 жылдығына арналған салтанатты шаралар өтуде
Бүгін Астанада таңертең ертесімен, ҚАЖК орталық аппаратының қызметкерлері Ардагерлер кеңесімен бірге Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Одан кейін ҚАЖК акт залында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген тыл еңбеккерлері және олардың жесірлері құрметіне арналған салтанатты жиын болды. Пенитенциарлық жүйенің 30 ардагері жиналды, оларға гүлдер, ақшалай сыйлықтар, естелік суреттері тапсырылды, сонымен қатар, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік шараның соңы мерекелік дастарханмен аяқталды.
Петропавл балалар колониясында ҚАЖ ардагерлеріне арнап соңынан Ұлы Отан соғысы жайлы фильм көрсетілетін соғыс жылдарына арналған театрланған көрініс жүріп жатыр.
Павлодар қаласында Жеңістің 65 жылдығына арналған спорттық жарыстар мен концерттік бағдарламалардан басқа, ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылған, ал мекемелерде ҚАЖ қызметкерлері арасында өткізілген әскери әндер фестивалі жүруде, оның қорытындысы мамырдың 9-ы күні шығарылады.
Ертең, мамырдың 6-ы күні, Қарағанды ҚАЖ ардагерлері «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қояды. Соңынан «Көктем» дәмханасында мерекелік түскі қонақасы беріледі, бұдан кейін облыстық музыкалық комедия театрында ұжымдық концерт өтеді деп жоспарланған.