Республиканың пенитенциарлық жүйесінде ЖҚТБ індетінің алдын алу мәселелеріне арналған айлық өткізілуде

АСТАНА.   Қазанның 30-ы.  ҚазАқпарат /Ғалымжан  Хасенов/ -   Желтоқсанның 1-інде  атап өтілетін Жұқтырылған    қорғаныш тапшылығы белгісімен (СПИД)  күресудің  дүниежүзілік күні  қарсаңында    республиканың пенитенциарлық жүйесінде      осынау ғасыр  індетінің   алдын алу   мәселелеріне арналған  айлық   өткізілуде, 
None
None

деп     хабарлады Әділет  министрлігінің  Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен.

Акция аясында      түзету мекемелерінде спорттық жарыстар,  сауалнамалар  мен  конкурстар өткізіледі,    дәрістер  оқылады.

Осынау өзіндік   антивирустық   марштың  алғашқы     шараларының бірі   Алматы  тергеу  абақтысында  өтті.    Мекеме бастығының  орынбасары   Омаржан  Тоқтиевтің айтуынша,   Алматы  қаласының   ЖҚТБ-орталығының  эпидемиолог-дәрігері  Нұрлан Дүзімбетов   сотталғандармен  осынау  өткір тақырыпқа  әңгіме    жүргізді. Одан кейін   сотталғандардың  арасында     АҚТҚ-ЖТҚБ   індеттерін жұқтырудың алдын  алу  шарттарын білуге арналған    конкурс  өткізілді.

Соңғы жаңалықтар