Республиканың пенитенциярлық жүйе мекемелерінде «Құқық тәртібі» операциясы басталды

АСТАНА.  Тамыздың  25-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан  Хасенов/ -  Тамыздың 25-і мен  қыркүйектің  5-і аралығында   республиканың    қылмыстық-атқару  жүйесінің барлық  мекемелерінде  «Құқық тәртібі»   операциясы    өтеді, 

Республиканың   пенитенциярлық  жүйе  мекемелерінде  «Құқық тәртібі»  операциясы басталды

деп   хабарлады Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен.

Бұл  шараның мақсаты   - мекемелердегі  жедел  жағдайды сауықтыру,    сотталғандардың арасындағы құқық бұзушылықтар  мен  қылмыстық оқиғалардың алдын алу,  сондай-ақ   түзету мекемелеріне тыйым  салынған    заттарды, оның ішінде есірткі  заттарын  өткізу арналарын   жою    болып табылады.

Қылмыстық-атқару  жүйесінің  жеке  құрамы «Құқық тәртібі»    операциясы  барысында    күшейтілген жұмыс   режиміне ауыстырылып  отыр.