Республиканың шығысында бұршақ жауып, жел күшеюі ықтимал - 16 мамырға арналған ауа райы
АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде, жаңбыр жауып, жекелеген жерлерде нөсерлеп жауып, найзағай ойнайды, республиканың шығысы
мен оңтүстік-шығысында бұршақ жауады, деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасай отырып, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Алдағы 3 тәулікте ықтимал нөсерлі жаңбырға байланысты Алматы облысының жекелеген таулы өздерінде су тасқыны болады деп күтілуде, Батыс Алтай өзендерінде су деңгейінің ауытқушылығы байқалады. Республиканың оңтүстік таулы өзендерінде де су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.
Батыс аудандарда күннің қатты ысуы сақталады.
Ақмола, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, күндіз Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қарағанды облысында түнде кей жерлерде тұман болып, желдің екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылрда, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында күн ысиды, жекелеген жерлерде күн қатты ысиды деп күтілуде. Қарағанды, Қызылорда облыстарында кей жерлерде күн райы ыстық болады.