Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысы мен орталығында түнде қатқақ түседі - 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтерінше, 21 қыркүйекте Қазақстанның көптеген аумағында көбіне жауын-шашынсыз ауа райы болады, республиканың шығыс бөлігінде ғана кейбір жерлерде жаңбыр жауып, батысы мен шығысында желдің күшеюі ықтимал.

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысы мен орталығында түнде қатқақ түседі - 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысы мен орталығында түнде қатқақ түседі.

Маңғыстау, Павлодар облыстарында, күндіз Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы, Атырау облысында шаңды дауыл болуы мүмкін.

Түнде және таңертең Ақмола және Қостанай облыстарында тұман түседі. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен батысында төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталуда.

Жақын тәуліктерде таулы аумақтағы өзендерде су деңгейлерінің ауытқулары күтіледі. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер болмайды.