Республиканың солтүстік өңірлерінде 35 градусқа дейін аяз болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 желтоқсан күні түнде Қостанай облысында, 20-21 желтоқсан күндері түнде Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында ауаның температурасы 22-27, кей жерлерде 32 градусқа дейін суытуы күтілуде.
ҚР ІІМ ТЖК ақпаратына сәйкес 20 желтоқсанда түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында ауаның температурасы 15-20, кей жерлерде 27 градусқа дейін, 21 желтоқсанда түнде 20-25 градусқа, кей аудандарда 30-35 градусқа дейін төмендеп, аяз болады деп күтілуде.
20 желтоқсан күні түнде Қызылорда облысында ауаның температурасы 15-20 градусқа дейін суытып, аяз болады деп күтіледі.
Астанада 20-21 желтоқсанда түнде ауаның температурасы 22-24 градусқа дейінтөмендеп, аязды болады.