Республиканың солтүстік өңірлерінде жауын-шашын жауады деп күтілуде - 12 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы циклонның ықпалында болады, соған байланысты кей жерлерде жауын-шашын (солтүстік өңірлерде - қар) жауады деп күтілуде, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болып, екпінді жел соғады.
Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды. Тек республиканың батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Жамбыл облысында таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын жауып, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ орнап, 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, оның екпіні 30 м/с-қа дейін жетеді.
Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында жекелеген жерлерде тұман түседі, көктайғақ орнап, қарлы бұрқасын болады, кей кездері Қызылорда, Оңтүстік Қазақстанның басым аумағында 17-22 м/с жылдамықпен жел соғады, Оңтүстік Қазақстан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында желдің екпіні 30 м/с-қа дейін жетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын жауады.
Ақмола және Қостанай облыстарында кей жерлерде қарлы бұрқасын болады, түнде тұман түседі, Ақмолада күндіз, Қостанай облысында тәулік бойы жылдамдығы 15-20 м/с-қа жететін жел соғады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде қарлы бұрқасын болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің екпіні 25 м/с-ты құрайды.
Павлодар облысында кей жерлерде қарлы бұрқасын болады, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей кездері оның екпіні 25 м/с-қа жетеді. Алматы облысында кей жерлерде көктайғақ болады, желдің жылдымдығы 15-20 м/с-ты құрайды.