Республиканың солтүстік өңірлерінде жел күшейеді - Қазгидромет
АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, 27 тамызда Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста - ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарында, күндіз Қарағанды облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде, 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді деп күтілуде, шаң көтеріліп, дауыл тұрады.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының және шығысының таулы өзендерінде су деңгейі тұрақсыз болады деп күтілуде. Қазақстанның қалған сулы нысандарында гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.