Республиканың төрт аймағында жол жабық

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың төрт аймағында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ Комитетінен.

Республиканың төрт аймағында жол жабық

Ақтөбе облысында 19 қаңтардан ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, көрінбеу, көк тайғақ, жаңбыр): республикалық а/ж; "Ақтөбе-Орск" а/ж (21-135 ш., Пригородный ауылы-РФ шекарасына дейін); "Солтүстік айналма" (0-39 ш.);

"Самара-Шымкент" а/ж (700-526 ш. Черноводск п.-БҚО шек.) барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды.

"Ақтөбе-Мәртөк" а/ж (14-99 ш. Мәртөк а.-РФ шек.)

жүк пен қоғамдық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды.

Облыстық а/ж: "Дөң-Бадамша-Ақтөбе-Орск" а/ж (19-48 ш., Хромтау қ.-Бадамша а.);

"Ақтөбе-Родниковка-Мәртөк" а/ж (43-74 ш., Родниковка а.-Қаратоғай а.); "Хромтау-Никельтау" (0-25 ш., Хромтау қ.-Никельтау а.) барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды.

Батыс-Қазақстан облысында 20 қаңтар сағат 09.45-тен ауа райының нашарлауына байланысты (қар, көктайғақ) республикалық а/ж (261-526 ш.,"Самара-Шымкент") барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды.

Қостанай облысында 20.01. сағат 15-00-ден ауа райының нашарлауына байланысты (боран) республикалық а/ж "Қостанай-Әулиекөл-Сурган" 108-232 шм. (Әулекөл ауылынаң - Ақмола облысының шекарасына дейін) барлық автокөліктердің түріне жабылды.

Сондай-ақ сағат 16-00-ден ауа райының нашарлауына байланысты (боран,жолдың көрінбеуі) облыстық а/ж барлық автокөліктері түрлеріне жабылды: а/ж "Әулиекөл-Жолдама" (0-257 шм. Әулиекөл а.-Амантоғай а.) а/ж "Қойбағор-Қарасу-Севастополь" (63-124 шм. Қойбағор а.- Севастополь а.), сонымен бірге Қарағанды облысында 20 қаңтар сағат 18-00-ден ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінбеу) "Жезқазған-Петропавл" а/ж (130-240 км Ұлытау к. - Қостанай обл. шек.) учаскелерінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.