Республиканың түзету мекемелерінде қардан жасалған мүсіндер конкурсы өткізілуде

деп хабарлады Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен.
Сотталушылардың арасындағы тәрбие жұмыстарының аясында өткізіліп жатқан конкурс жыл сайын өткізілетін ерікті шара. Оған кез-келген сотталушы қатысып, өзінің шығармашылық қиялын қармен мүсіндей алады.
Комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының ақпараты бойынша, Жаңа жыл қарсаңында осынау шығармашылық жарысқа аймақтың барлық түзету мекемелері кірісіп кеткен. Өскеменде орналасқан ОВ-156/13 қоныс-колониясында 5 қар мүсіні бой көтеріп отыр.
Ал Солтүстік Қазақстан облысының мекемелерінде жасалған қар мүсіндерінің жалпы саны 80-ге жуықтайды. Қар мүсіндер негізінен ертегі кейіпкерлерін, Аяз Ата мен Қарша Қызды бейнелейді.
Желтоқсанның 30-31-інде барлық облыста құрамына Қоғамдық бақылау комиссиясы мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірген қазылар алқасы конкурстың қорытындысын шығарады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді сыйлықтар күтіп тұр.