Республиканың үш облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 1 сәуір 02.00-ден бастап Бүйректал өзеніндегі судың күрт көтерілуіне, уақытша айналма жолды су басуына байланысты барлық автокөлік түрлері үшін «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 1275-1353 шақырымы аралығында, Қарағанды облысындағы Жібек жолы учаскесінде көлік қозалысына шектеу қойылды.

Республиканың үш облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарлады. Ақтөбе облысында боранға байланысты 31 наурыз 18.00-ден бастап «Ақтөбе-РФ шекарасы» жолының бойында 39-135 шақырымы аралығындағы жол барлық автокөлік түрлері үшін жабылды.

Қарағанды «Екатеринбург-Алматы» жолының 1353-1364 шақырымы аралығындағы «Ақмола облысы шекарасы - Осакаровка» учаскесінде барлық көліктер үшін жабылды.