Республиканың жоғары оқу орындары мен мектептерінде ағылшын тілінен басқа еуропалық тілдерді үйретудің нашарлағанын байқадық ? Францияның елшісі
АСТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан Республикасында еуропа тілдерін үйрету» тақырыбында халықаралық семинар басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аталмыш шараны Францияның Қазақстандағы Елшілігі ұйымдастырып отыр. Оған Германия, Италия, Швеция, Норвегия елшілері, Еурокомиссияның өкілі және ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы елшісі қатысты. Семинардың мақсаты ? біздің елімізде еуропалық тілдерді үйренуді кеңінен таныстыру болып табылады.«Біз дипломат әріптестерімізбен бірге статистика көрсеткіштерін қарай отырып, республиканың жоғары оқу орындары мен мектептерінде ағылшын тілінен басқа еуропалық тілдерді үйретудің нашарлағанын байқадық. Бұл проблеманы дереу қолға алу керек деп ойлаймын», - деп атап өтті Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ален Куанон. Семинар барысында дипмиссия басшысы жаңа тілдік орталықтар ашуды, Қазақстанның көптеген ұстаздарын тәжірибелік машықтануға жіберуді және дәл осындай семинарлар санын көбейтуді ұсынды.