Ресторандарды жалға алу қымбаттады – ұлттық статистика

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындарының арендасы бір жылда ең көп қымбаттаған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресторандарды жалға алу қымбаттады – ұлттық статистика

2022 жылдың төртінші тоқсанында коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8% қымбаттаған. Аренда бағасы ең көп мейрамханалар мен тамақтану орындарына көтерілген.

«Осылайша, қойма, мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану пунктерін жалға алу бағасы 4,1% өсті.
Көлік жуу пунктерін жалға алу 4,3% қымбаттады, одан кейін тұрмыстық қызмет көрсету, сервис пунктері – 3,8%, валюта айырбастау орындары – 3,4%, сауда үйлеріндегі орындар – 1,9%, паркингтер – 1,5%, әкімшілік кеңсе орындары 1,4% қымбаттады», - делінген статистика мәліметінде.