«Ресурс-П» №3 спутнигі Жерге алғашқы суреттерді жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ресурс-П» №3 Жерді қашықтықтан зондтау спутнигі орбитадан алғашқы суреттерін жіберді, деп хабарлады РИА Новости Ресейдың ғарыш агенттігіне сілтеме жасап.
«Союз 2.1б» зымыран тасығышы «Ресурс-П» №3 спутнигімен 13 наурызда Байқоңырдан ұшырылды. Орбитаға шыққаннан кейін спутниктің күн батареяларының бірі толық ашылмай қалған.
«Бүгін, 2016 жылы 23 наурызда «Геотон-Сангур» қанықтылығы жоғары аппаратураның панхроматиялық және мультиспектрлі режимдегі алғашқы сынама суреттері алынды», - делінген хабарламада.