13:56, 05 Мамыр 2011 | GMT +5
Reuters Усама бен Ладен өлтірілген жерде түсірілген фотосуреттерді сатып алды
АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Reuters ақпарат агенттігі пәкістандық шенеуніктен Усама бен Ладен өлтірілген жерде түсірілген суреттерді сатып алды.

Фотосуреттер Америка арнайы қызметінің операциясы аяқталғаннан кейін екі сағаттан соң түсірілген, деп хабарлайды РСН.
Суреттерде үш ер адамның мәйіті бейнеленген. Екеуі дәстүрлі Пәкістан киімін, біреуі футболка киген. Бен Ладен олардың арасында жоқ. Кадрда сондай-ақ арнайы операция кезінде құлаған америкалық тікұшақтың сынықтары түсіп қалған. Агенттiк фотосуреттерге талдау жасап, олардың түпнұсқа екенін растап отыр.
Бұдан бұрын, АҚШ президенті Барак Обама қоғамда дүрбелең туғызбау үшін мерт болған «Әл-Кайеда» басшысының суретін жария қылмауға шешiм қабылдағанын еске салып өтеміз.