Реувен Ривлин Израиль Президенті болып сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Израиль Парламенті «Ликуд» билік партиясының өкілі Реувен Ривлинді елдің жаңа президенті лауазымына сайлады, деп хабарлады ВВС.

Реувен Ривлин Израиль Президенті болып сайланды

Қазіргі уақыттағы Израиль Президенті 90 жастағы - Шимон Перес.

Бұған дейін кнессет спикері әрі байланыс министрі қызметтерін атқарған Р.Ривлин дауыс берудің екінші кезеңінде жеңіске жеткен болатын.