21:30, 15 Қараша 2021 | GMT +6
Ревакцинацияда екпенің қандай түрі салынуы керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ревакцинация екпесі ретінде вакциналаудың алғашқы кезеңінде қолданылған препаратты да қолдануға болады. Бұл туралы ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қаулы мәтінінде ревакцинация КВИ-ге қарсы вакциналаудың алғашқы курсында қолданылмаған вакцина типтерімен жүргізілетіні айтылған.
Ревакцинация жүргізудің мерзімдері мынадай:
1) Егер алғашқы курс кезінде векторлық вакцина салғызсаңыз, ревакцинация 9 айдан кейін жасалуы керек;
2) инактивті және м-РНҚ-вакциналардан кейінгі ревакцинация 6 айдан кейін жүргізіледі.
«КВИ-ге қарсы ревакцинацияны алғашқы вакцинация курсына пайдаланылған вакцинамен жүргізуге жол беріледі», - деп жазылған қаулыда.
Аталмыш қаулыда ревакцинацияға біріші кезекте жататын 7 санаттың тізім де берілген.