Революциядан бас тартуға шақыра отырып, Н.Назарбаев көшелі адамдарға ой салады - ҚСЗИ директоры Б.Сұлтанов

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Революциядан бас тартуға шақыра отырып, Н.Назарбаев  саясатта және ғылымда жолы болмағандардың көшеге шығуға итермелеуіне қарсы көшелі адамдарға ой салады.

Революциядан бас тартуға шақыра отырып, Н.Назарбаев көшелі адамдарға ой салады - ҚСЗИ директоры Б.Сұлтанов

ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов Мемлекет басшысының бұл күндері елордада өтіп жатқан 5-ші Астана экономикалық форумында сөйлеген сөзіне түсініктеме бере отырып, осындай пікірін білдірді.

"Президент Назарбаев айтқан «Джи-Глобал» бес ұстанымының ішкі саяси және халықаралық маңызы зор. Сондықтан да әлемдік ауқымдағы кез келген саясаткер біздің өркениетімізге төніп отырған жаһандық ауқымдағы қатерлер мен қауіптерден бүкіл адамзатты және  өркениетімізді құтқару үшін қазір шешуге тиісті міндеттерді тап басып айтып бере алмайды», - деді Б.сұлтанов.

Сарапшы Н.Назарбаев көрсеткен: «Революция емес, эволюция»  деп аталатын бірінші ұстанымның өзектілігін ерекше атап өтті. Б.Сұлтановтың пікірінше, саясатта және қоғамдық өмірде өз орнын таба алмай, осы себеппен халықты радикалды іс-қимылға шақыратын адамдар дұрысында Президент айтқандай, өз қабілеттерін көрсетудің басқа жолдарын іздестіруі, яғни ғылым мен техникада революция жасауға күш салуы тиіс.

Б.Сұлтанов революциялық іс-қимылдардың нәтижесінде қоғам кейінге шегінеді, өйткені экономика мен қоғамдық қатынастар шұғыл өзгерістерге дайын емес. Революция жақсылыққа апармайды, қайта одан миллиондаған адамдар зардап шегіп, қырғынға ұшырайды. Сондықтанда Н.Назарбаевтың эволюциялық жолға шақыруы бүгінгі таңда бұрынғыдан әлдеқайда өзекті, деп атап өтті.

Ғалым сондай-ақ Н.Назарбаевтың бейбітшілікті сақтау жолындағы күрестің қажеттігі туралы тезисінің де маңызды және өзекті екенін атап өтті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған бүгіләлемдік соғысқа қарсы қозғалыс соңғы онжылдықтарда бәсеңдеп кетті. Алайда бүкіл әлемде соғыстар жүрп жатыр, сондықтан да Бірінші дүниежүзілкті соғысты ұмытпаған, Екінші дүниежүзілік соғыс зұлматтарын бастан өткерген адамдар бастаған соғысқа қарсы қозғалысты қалпына келтіру қажет.