Рэй Поплавски: Головкинмен айқастан соң Брук жартылай орта салмаққа көшеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық журналист Рэй Поплавскидің пікірінше, қазақстандық Геннадий Головкинмен айқастан кейін британдық Келл Брук жартылай орта салмаққа көшеді, деп хабарлайды Sports.kz.
«Менің ойымша, Головкин -Брук кездесуі соңғы раундтардың бірінде нокаутпен аяқталады. GGG-ден жеңілістен кейін Келл Эррол Спенспен жұдырықтасу үшін жартылай орта салмаққа оралады.
Мұндай жағдайда Спенс жақсы мүмкіндікке ие болады»,-деп жазады Поплавски өзінің твиттерінде.