Рейд: Өскемендегі сауда орындарында санитарлық нормалар қалай сақталуда
Өскемен қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары сауда нысандарында белгіленген санитарлық нормалардың сақталуын тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Рейд нәтижесінде сатушылар мен сатып алушылардың маска режимін сақтамауы, ал кәсіпкерлік нысандарының иелері санитарлық талаптардың бұзу фактілері анықталмады.
«Бүгінгі мониторингтің негізгі мақсаты - коронавирустың таралуының алдын алу, сондай-ақ сауда объектілерінің иелері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау коронавирус инфекциясының таралуын тежейді. Біз мұндай рейдтерді үнемі өткізіп отырамыз», - деп атап өтті ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Бағлан Тауанова.