Рейд: Семей тұрғындары маскалық режимді сақтамауда
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында маскалық режимнің сақталуын бақылау мақсатында күн сайын рейдтер жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Полиция және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінен құралған мониторингтік топтар күн сайын санитарлық нормалардың бұзылмауын қадағалауда. Рейдтер қоғамдық көліктерде, сауда орталықтарында, жекеменшік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерде өткізілуде.

Мониторингтік топ мүшелерінің айтуынша, қала тұрғындары мен қонақтарының көпшілігі санитарлық нормаларды сақтамайды. Барлық ереже бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылуда.

«Кеше ғана мониторингтік топтар санитарлық нормалардың сақталуын мемлекеттік кірістер басқармасында тексерді. Рейд барысында маскалық режимді елемейтін басқарманың екі қызметкері анықталды. «Теплокоммунэнерго« МКК жұмысшыларының да санитарлық ережеге бей-жай қарайтындығы байқалды. Мұнда мониторингтік топтағылар үш тәртіп бұзу фактісін тіркеді. Енді олар айыппұл төлеуге міндеттеледі», - делінген қалалық Ақпарат орталығының мәліметінде.
