Жолаушыларды қонақүйге орналастырмағаны үшін FlyArystan жауапкершілікке тартылды

Рейс кешіктірілген кезде жолаушыларды қонақүйге орналастырмағаны үшін FlyArystan жауапкершілікке тартылды
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Рейс кешіктірілген кезде жолаушыларды қонақүйге орналастырмағаны үшін FlyArystan жауапкершілікке тартылды.

Алматы – Астана бағыты бойынша рейс кешіктірілген кезде қызметтерді ұсынбауға байланысты (жолаушылар қонақүйге орналастырылмаған, жолаушыларды әуежайдан қонақүйге дейін және кері қарай трансфер ұйымдастырылмаған) FlyArystan әуекомпаниясына қатысты «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 567-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, авиакомпанияға 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

«ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті рейстердің кешігуі кезінде қызметтерді тиісінше ұсыну бөлігінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін отандық және шетелдік авиакомпанияларды жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмысты жалғастырып жатыр», - делінген комитет хабарламасында.

Жолаушылардың құқықтарын сақтау бөлігінде заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтау Азаматтық авиация комитетінің жұмысында басымдықтардың бірі болып табылады және авиакомпаниялар тарапынан бұзушылық фактілері анықталған жағдайда көзделген шаралар қолданылатын болады.

Бұған дейін FlyArystan егіздің сыңарын әуежайда қалдырып кеткені жайында жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum