Рейстер кешігіп жатыр: Алматы әуежайы жолаушыларға жүгінді

АЛМАТЫ. KAZІNFORM – Алматы халықаралық әуежайы барлық қызметтің күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін  мәлімдеді. Рейстердің кешігуін барынша азайту үшін шаралар қабылданып жатыр.

Рейстер кешігіп жатыр: Алматы әуежайы жолаушыларға жүгінді
Фото: Алматы халықаралық әуежайы

Алматы халықаралық әуежайының мәліметінше, метеорологиялық жағдайға байланысты кейбір ұшып кету рейстерінің уақыты кейінге шегерілді.

Кешігулерді азайту және жолаушыларға жайлы жағдай жасау үшін әуежай мен әуе компаниялары бірлесе жұмыс істеп, күту залдарында ыстық тамақ, жеңіл тағамдар және сусындар ұйымдастырды.

– Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұшақтарға мұзға қарсы өңдеу жұмыстары Қазақстанның ұлттық заңнамасының талаптарына, сондай-ақ FAA (АҚШ Азаматтық авиация федералды басқармасы) мен Канада Көлік министрлігінің ұсынымдарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Барлық әуежай қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Әуежайдың немесе әуе компанияларының ресми парақшаларынан рейстердің ағымдағы статусын алдын ала тексерулерін ұсынамыз, – деп хабарлады Алматы халықаралық әуежайының корпоративтік коммуникациялар департаментінен.

Осыған дейін ауа райына байланысты Алматы халықаралық әуежайында бірқатар рейс кешігіп жатқаны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар