Рейстерді кешіктірген екі авиакомпанияда тексеріс жүргізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әуе рейстерінің кешіктірілуіне қатысты халықтың шағымынан кейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті тергеу жүргізетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Әлеуметтік желілердегі Air Astana және FlyArystan авиакомпанияларының Алматы – Мале, Нұр-Сұлтан – Ташкент және Алматы – Қостанай рейстерінің, сондай-ақ басқа да бағыттардың кешігу фактілеріне қатысты жолаушылардың көптеген шағым-өтінішіне байланысты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тиісті тергеу жүргізетін болады.

Рейстер кешіктірілген немесе орындалмаған кезде жолаушылардың құқықтарын бұзу фактілері болғаны анықталған жағдайда авиакомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Аталған рейстердің жолаушылары өз шағым-өтінішін cc@сaakz.kz электрондық мекенжайна жолдай алады.

«Сонымен қатар тасымалдаушының кінәсінен рейс кідірген немесе орындалмаған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жолаушыларға тегін негізде ана мен бала бөлмесі, рейсті 2 сағат күткен кезде салқын сусындар, 4 сағат күткен кезде ыстық тамақ (бұдан әрі күндізгі уақытта әрбір 6 сағат және түнгі уақытта 8 сағат), сондай-ақ рейсті кері қайтарған кезде ыстық тамақ беріледі. Сондай-ақ күндізгі уақытта 8 сағаттан артық және түнгі уақытта 6 сағаттан артық рейсті күткен кезде қонақ үйде тұру, тұратын жеріне дейін және әуежайға апаратын көлік беріледі», - деп нақтылады Азаматтық авиация комитетінен.


Соңғы жаңалықтар