Рейстердің кестесінде өзгеріс болуы мүмкін — Air Astana
АСТАНА. KAZINFORM – Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Иран мен Ирак әуе кеңістігін жапты. Осы мәселеге қатысты Air Astana компаниясы рейстер әуе кеңістігін айналып ұшатынын хабаралады.

— Air Astana тобы Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір Air Astana және FlyArystan тұрақты және чартерлік рейстерінің бағытындағы өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етеді. Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха, Манама және Мединаға рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігін айланып ұшады. Air Astana жағдайды мұқият бақылайды және кейінгі өзгерістер туралы хабардар етеді. Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі рейстердің кестесінде өзгертулер болуы мүмкін, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бүгін түнде Израиль Иранға соққы беріп, әуе кеңістігін жауып тастады.
Осы жағдайға байланысты Тель-Авивтегі ҚР елшілігі Израильдегі Қазақстан азаматтарына үндеу жасады.