Рейтинг: ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия оқу орындарының ішінде 1-ші орында тұр

АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Еуразиялық монитор» Халықаралық зерттеу агенттігі жүргізген ТМД елдерінің жоғары оқу орындарының рейтингінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азияның жоғары оқу орындарының ішінде 1-ші,

Рейтинг: ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия оқу орындарының ішінде 1-ші орында тұр

ал жалпы рейтингте 13-ші орында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш Академияға сілтеме жасап.

Рейтинг бойынша алғашқы 12 орында ресейлік және украиналық жоғары оу орындары орналасқан. 1-ші орында - Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университеті, 2-ші орында Санкт-Петербор университеті, ал 3-ші орында Мәскеу мемлекеттік университеті тұр. Жалпы ТМД-ның 10 елінің 50 жоғары оқу орны рейтинг обьектісіне айналған. Сарапшылар жоғары оқу орындарының рейтингін бағалауда 42 параметрді пайдаланған.