«Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі жоғары оқу орындарының рейтингін жариялады

АЛМАТЫ. 8 тамыз. ҚазАқпарат - «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі «әділетті баға» өлшемі бойынша ірі жоғары оқу орындарының рейтингін жариялады.
None
None

Онда сапа-баға қатынасы бойынша Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті үздік деп танылып отыр. 2-3 орынды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті иеленді. Одан кейін сатыға Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Қазақстан менеджмент экономика және болжау инстиуты, Халықаралық бизнес академиясы орналасты. Ал Ш. Есенов атындағы Каспий технология және инженеринг мемлекеттік университеті, «Тұран» университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Орталық азия универерситеті, М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті соңғы 20-26 орынды өзара бөлісті.

Соңғы жаңалықтар