Реюньон аралында жанартау атқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үнді мұхитындағы Франция қарамағындағы Реюньон аралында жанартау атқылады. Апаттан зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ. Жергілікті билік осы өңірдегі жолдарды жапты, деп хабарлайды 24.kz.
Жанартау атқылаған кезде маңында 250 жергілікті тұрғын мен турист болған. Табиғаттың бұл ерекше құбылысы саяхатшылар үшін тосын оқиғаға айналды. Олар жақын жердегі жартастан ұрымтал сәтті бақылап тұрған. - Жолымыз болды. Аралда 900 мыңдай адам тұрады, ал біз осы таңғажайыпты өз көзімен көруге мүмкіндігі болған 200 адамның қатарындамыз, дейді аралының тұрғыны Мануэль.
Видео: RT телеарнасы