Режеп Тайип Ердоған Қарағанды облысында қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтты

Астанада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Костенко шахтасында қайтыс болған кеншілердің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Ердоған
Фото: Ақорда

«Елдеріңізде шахтерлердің қаза болуына байланысты олардың отбасына көңіл айтқым келеді», - деді Түркия президенті.

Сондай-ақ, ол Қазақстан тарабына алғыс білдірді.

«Біздің бауырымыз, Өзбекстанның президенті Ш.Мирзиёев мырзаға ұйымға төрағалық еткені үшін алғыс білдіреміз. Сондай-ақ, жоғары мәртебелі Қ.Тоқаев мырзаға қонақжайлығы үшін рахмет айтқым келеді және ұйымдағы болашақ төрағалығында сәттілік тілейміз.

Жаһандық сын-тегеуріндерге төтеп беру үшін түркі әлемі бірге болу керек», - деді Режеп Тайип Ердоған.

Еске салайық, бүгін Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті өтіп жатыр

Жиынға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан президенттері ұйымға мүше мемлекет басшылары ретінде, Мажарстан Премьер-министрі мен Түрікменстан басшысы бақылаушы елдің басшылары ретінде қатысады.

ТМҰ саммиті «Түркі дәуірі» ұранымен өтеді. 

Бүгін Сыртқы істер министрлігінде Түркі мемлекеттері ұйымының сыртқы істер миинстрлері кеңесінің жабық отырысы өтті. 

Шарада ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Израиль-ХАМАС қақтығысындағы Қазақстан ұстанымын айтты.