Режиссер Эльдар Рязанов ауруханаға жатқызылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде танымал режиссер Эльдар Рязанов денсаулығына байланысты Бурденко атындағы Нейрохирургия институтына жатқызылды, деп хабарлады ВВС агенттігі.
Мәскеу Денсаулық сақтау департаментінің хабарлауынша, оның жағадайы қазір тұрақты. Режиссердің жақын туыстары «Интерфакс» агенттігіне берген ақпаратында, ол ауруханада 2-3 күн ғана болатынын айтқан. «Инсульт емес, Эльдар Александрович өзін тым жайсыз сезінген болатын. Оған ешқандайда қауіп болған жоқ», деген оның туыстары. Эльдар Рязанов - Кеңес Одағына танымал атақты режиссерлердің бірі.