20:18, 03 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Режиссер Эльдар Рязанов Мәскеудегі Новодевичье зиратында жерленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 қарашаға қараған түні көз жұмған режиссер Эльдар Рязанов Мәскеудегі Новодевичье зиратында жерленді.
Рязановты Орталық әдебиетшілер үйінде ақтық сапарға шығарып салды. Режиссердің қабірі кеңес дикторы Юрий Левитанның жанында. Эльдар Рязанов 21 қарашада ауруханаға түсті. Бір жыл бұрын Бурденко атындағы нейрохирургия Институтында «ми қан айналымы жүйесінің бұзылуы» диагнозымен емделген.
КСРО Халық әртісі Эльдар Рязанов 30-ға жуық фильм түсірді. Олардың барлығы дерліктей кеңестік және ресейлік кинопрокаттың хитіне айналды.
Режиссер 88 жасында өмірден озды.