Режиссер Эльдар Рязанов жансақтау бөлімінде жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік режиссер Эльдар Рязановтың денсаулығы нашарлап кетіп ауыр хәлде жатыр, деп хабарлады РИА «Новости» Бурденко атындағы ҒЗИ мамандарына сілтеме жасай отырып.

Режиссер Эльдар Рязанов жансақтау бөлімінде жатыр

Бұған дейін хабарланғандай, белгілі режиссер 24 қарашада Бурденко атындағы ҒЗИ-ге жатқызылған болатын. Денсаулық сақтау департаменті оның жағдайы тұрақты екенін айтқан. Келесі күні таңертең ҒЗИ дәрігерлері Рязановтың жағдайын аса ауыр деп мәлімдеді. Өткен аптада Рязановқа бір кездері оған ота жасаған Бакулев атындағы жүрек-қан тамырлары хирургиясы ғылыми орталығының профессоры Баграт Алеякин келген. Алеякинмен әңгімелескеннен кейін орталық басшысы Лео Бокерия режиссерға қатысты оң болжам жасаған. «Рязановқа туыстары да, тіпті әйелі де жіберілмейді. Оның жағдайы ауыр, қазір жансақтау бөлімінде жатыр», - деп хабарлады ҒЗИ өкіліне сілтеме жасап, қалалық «Мәскеу» жаңалықтар агенттігі. Сценарист, актер, педагог, тележүргізуші, жазушы, ақын, драматург, продюсер, КСРО халық әртісі Эльдар Рязанов қазір 87 жаста.