Режиссер Оливер Стоунның ұлы мұсылмандықты қабылдады

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - «Уолл Стрит» және «Александр» фильмдерінің авторы Оливер Стоунның үлкен баласы жалпақ әлемді таң қалдырды. Жас азамат кеше Иранның Исфахан қаласында ислам дінін қабылдады, деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Режиссер Оливер Стоунның ұлы мұсылмандықты қабылдады

Рәсім кезінде 27 жасар Шон Кристофер Стоун Әли есімін алды. Ол исламның шейіттік жолын таңдапты, деп жазады Утро.ру.

«Оскарлатқыш» режиссердің баласы Иранда ел президенті Махмұд Ахмадинежад өте жақсы көретін парсының тылсым ақыны Джалалиддин Руми туралы фильм түсіріп жатыр екен. Жас азаматтың дінін ауыстыруына мұсылман мәдениетімен етене танысуы түрткі болған-болмағаны әзірше белгісіз.

«Исламды қабылдауым өзім дүниеге келгелі ұстанып келген христиандық немесе иудаизмнен бас тартуым емес. Бұл менің Мұхаммед пайғамбарды және басқа пайғамбарларды қабылдағандығымды білдіреді», - деді Шон Стоун журналистерге. Танымал режиссер бала кезінде картиналарына жиі түсетін тұңғышының бұл әрекеті туралы әзірге тіс жармайды.