Режиссер Татьяна Лиознова өзінің мерейтойын атап өтуде
МӘСКЕУ. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат - Шілденің 20-сында КСРО халық әртісі, «Үш бәйтерек», «Көктемнің 17 сәті» сияқты атақты фильмдердің режиссері Татьяна Лиознова 85 жасқа толады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Оның алғашқы фильмі 1958 жылы шыққан «Ұмытпайды жүрек» картинасы болды. Одан кейін «Евдокия» және «Аспанды бағындырғандар» деп аталатын фильмдері экранға шықты.
Басты рөлдерді Олег Ефремов пен Татьяна Доронина сомдаған «Үш бәйтерек» фильмінен кейін оның даңқы арта түсті.
Лиознованың беделі Юлиан Семеновтың шығармасы бойынша түсірілген «Көктемнің 17 сәті» 12 сериялы телехикаядан кейін шырқап кетті. Бұл фильм КСРО тарихындағы ең табысты тележобалардың бірі болды.