20:15, 27 Қараша 2015 | GMT +5
РФ 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Түркиямен визасыз режимді тоқтатады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей Түркиямен визасыз режимді тоқтатып отыр, деп мәлімдеді РФ СІМ-нің басшысы Сергей Лавров. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«РФ басшылығы қазіргі кезде Ресей мен Түркия Республикасының арасындағы визасыз режимді тоқтату шешімін қабылдады. Бұл шешім келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді», - деп мәлім етті Лавров сириялық әріптесі Валид Муаллеммен келіссөздер қорытындылары бойынша өткен баспасөз конференциясында. Фото: © Flickr/ KLMircea