РФ Алтай Республикасында Robinson тікұшағы апатты жағдайда қонды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Robinson-66 тікұшағы Алтай Республикасының Қосағаш елді мекенінде апатты жағдайда қонды. Оның ішінде болған төрт адамның барлығы аман, деп хабарлады ТАСС Батыс-сібір көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Белгілі болған жедел ақпарат бойынша, оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 11:20-да орын алған. Тікұшақтың бортында әуе кемесінің командирі және үш жолаушы болған.

Тікұшаққа қозғалтқышындағы қуаттылықтың төмендеуіне байланысты мәжбүрлі жағдайда қонуға тура келген. Барнаул көлік прокуратурасы аталған факті бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram