РФ Әскери-теңіз флотының Каспийдегі ресей-иран оқу-жаттығуларына қатысы жоқ

ТЕГРАН. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат - Ресей Әскери-теңіз флотының Каспийдегі Иран мен Ресейдің оқу-жаттығуларына ешқандай қатысы жоқ. Бұл жөнінде РФ Әскери-теңіз флоты Бас штабында Каспий теңізінде екі ел әскери-теңіз жаттығуларын тұңғыш өткізгенін қуаттайтын  кейбір БАҚ хабарларын жоққа шығарды,

РФ Әскери-теңіз флотының Каспийдегі ресей-иран оқу-жаттығуларына қатысы жоқ

деп хабарлайды ҚазАқпарат Iran.ru сайтына сілтеме жасап.

Каспийдің оңтүстік жағалауындағы Бендер-Энзели ирандық айлағына жақын маңда өтіп жатқан жаттығуларға Ресей әскери кемелері емес, ТЖМ күштері қатысты. «Таза және қауіпсіз Каспий үшін» деген ұранмен өтіп жатқан жаттығуларға 30 кеме, екі тікұшақ және 500-ден астам адам қатысуда. Оқу-жаттығуларды Каспий маңындағы басқа мемлекеттердің - Әзірбайжанның, Қазақстанның және Түрікменстанның делегациялары бақылады.