РФ-да қайғылы аяқталған апатқа себеп болғандар өмір бойына көліктен айырылуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік думаның Көлік комитетінің мүшесі Олег Нилов заң жобасын әзірледі. Ол қабылданған жағдайда мас жүргізушілер көлік жүргізу құқығынан ғана емес, сонымен бірге олардың ереже бұзу салдарынан адамдар қаза тапса көліктерінен де айырылуы мүмкін, деп хабарлады Утро.ру.

РФ-да қайғылы аяқталған апатқа себеп болғандар өмір бойына көліктен айырылуы мүмкін

"Қайғылы аяқталған жол-көлік апатына себепкер болған мас көлік жүргізушілерін өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыру және қаза тапқандардың жанұясының шығынын өтеу үшін оның көлігі мен өзге мүлкін тәркілеу туралы заң дайындадым", - деді парламентші.

Қазіргі уақытта қайғылы аяқталған апатқа себеп болғандар көп дегенде 3 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.