РФ-да мұнайды экспорттаудың баж салығы 100,9 долл./т. дейін төмендеді

МӘСКЕУ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат – Бүгіннен бастап Ресейден экспортталатын мұнайдың баж салығы 100,9 долл./т дейін кемиді.
None
None
Тиісті құжаттарға РФ премьер-министрі Владимир Путин өткен бейсенбі күні қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Бұдан бұрын Ресей үкіметі баж салығын ақпанның 1-інен бастап мұнай өнімдерінің ашық түсіне ? 80,3 долл./т., ал күңгірт түсіне-43,2 долл,/т. деп бекітілген болатын.2009 жылғы қаңтардың 1-нен бастап РФ-да мұнайды экспорттаудың баж салығының көлемі 119,1 долл./т., мұнай өнімдерін экспорттаудың ашық түсіне баж салығының мөлшері 92,6 долл./т., күңгірт түсіне 49,9 долл./т. болды.2008 жылы қара алтынға деген әлемдік бағаның құлдырауының жалғаса түсуіне байланысты РФ үкіметі мұнай және мұнай өнімдерін экспорттаудың баж салығын есептеуге түзетулер енгізді. Атап айтқанда, Urals маркалы мұнайдың баж салығын белгілеу уақыты екі айдан бір ай мерзімге дейін қысқартылды. Мұндай шаралар әлемдік баға конъюктурасындағы өзгерістерге жедел үн қату мақсатында қабылданды.Осы жылғы қаңтардың 14-дегі мәліметтер бойынша Urals маркалы мұнайдың орташа бағасы 40,16 долл./т. құраған.
Соңғы жаңалықтар