РФ Энергетика министрлігі Қазақстан мен Әзербайжанның мұнай көлемін арттырмауға қосылатынына үміттеніп отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Энергетика министрлігі Қазақстан мен Әзербайжанның мұнай көлемін арттырмауға қосылатынына үміттеніп отыр, деді тілшілерге РФ Энергетика министрлігінің басшысы Александр Новак.

РФ Энергетика министрлігі Қазақстан мен Әзербайжанның мұнай көлемін арттырмауға қосылатынына үміттеніп отыр

Бұл туралы ТАСС хабарлады.

«ОПЕК-ке мүше және ОПЕК-ке кірмейтін елдердің мүшелері - Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, яғни мұнайды экспорттаушы елдер тиісті шешімді шығаруға қосылатынына үміттенеміз», - деп мәлімдеді Новак.