РФ Қаржы министрлігі мұнай бағасының барреліне 100 доллардан төмен болатындығын болжады

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Экономикалық даму министрлігі инфляция бойынша болжамды 7-7,5 пайызға дейін көтерді, деп хабарлады РБК.
None
None

2015-2017 жылдары мұнай бағасы барреліне 100 доллардан да төмен құлдилауы күтілуде. РФ Қаржы министрінің орынбасары Алексей Моисеевтің пікірінше, мұнай бағасының құлдилауына геосаяси тәуекелдердің ықпалы болуы мүмкін.

«Мұнай бағасы болжамдары алаңдатып отыр. Біз Экономикалық даму министрлігімен келіспейміз. Біздіңше, мұнай бағасы біршама артық көрсетілген. Қазіргі уақытта Ливиядан мұнай жеткізу басталғанын көріп отырмыз, Иракта да тұрақтанудың алғашқы белгілері байқалуда», - деді ол «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында.

Айта кетерлігі, бүгін РФ Экономикалық даму министрлігінің 2014-2017 жылдарға арналған жаңартылған болжамы әзірленгені белгілі болған еді. Онда мұнай бағасы 2014 жылы барреліне 104-тен 105 долларға көтерілген. Ал 2015-2017 жылдардағы мұнайдың орташа бағасы барреліне 100 доллар көлемінде белгіленген.

Соңғы жаңалықтар