РФ Каспий флотилиясының әскери кемелер отряды Бакуге келеді

АСТАНА. 11 тамыз. ҚазАқпарат - 12-13 тамыз аралығында «Дағыстан» зымыран кемесі бастаған Ресей Федерациясының Әскери-теңіз күштері Каспий флотилиясының кемелер отряды Баку портына келеді.

РФ Каспий флотилиясының әскери кемелер отряды Бакуге келеді

Бұл туралы Әзербайжандағы РФ елшілігінде хабарлаған.

Бұл сапардың мақсаты РФ мен Әзірбайжан мемлекеттері арасында достық қарым-қатынасты ныйғайту және дамыту болып табылады.

Сапар барысында Әзірбайжанның Әскери-теңіз күштері қолбасшылығымен кездесулер өткізу, кеменің жеке құрамын Әзірбайжан астанасының көрнекті жерлерімен таныстыру жоспарланған.